Энергетика министрі: Газ бағасының қымбаттауына газ өндірісінің тоқырап қалуы себеп

0
782

Соңғы екі жылда сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны шамамен 2 есеге өсті.


Энергетика министрі: Газ бағасының қымбаттауына газ өндірісінің тоқырап қалуы себеп

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында газ бағасының тоннасы 38 мың теңге деңгейінде белгіленді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қазіргі газ бағасы экспорттық бағадан 5-6 есе төмен екенін мәлімдеді.

«Бұл ретте «Қазақ Газ Өндеу» зауытында сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдеге ең төмен баға болып саналады. Сәйкесінше, төмен деңгейдегі баға газ өндірісін ұлғайтуды ынталандырмайды. 2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін 1,4 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021 жылы ішкі нарықтағы сұйытылған газды тұтыну 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғуда», − дейді министр.

Оның айтуынша, бұл салада инвестициялық тартымдылық жоқ. Бұл тұтынудың тұрақты өсуі аясында тапшылыққа алып келді.

«Әсіресе 2021 жылы күшейді. Себебі 2019 жылдан бері сұйытылған газға өткізілген автокөліктер саны биыл шамамен 2 есеге өсті. (2019 ж. – 139 990 бірлік, 2021 жылы – 313 373 бірлік). Әлемдік тәжірибеде сұйытылған газдың бағасы мұнай бағасымен өзара байланысты. Бензин бағасының 70% пайызын құрайды. Мысал ретінде, АИ-92 маркалы бензиннің құны литріне 182 теңге болған кезде газдың нарықтық құны шамамен литріне 127 теңгені құрауы тиіс», − дейді Мағзұм Мырзағалиев.