Енесі келінін пышақтап тастады

0
1 066

Әуелі келіні енесіне ауыр сөздер айтып, балағаттаған көрінеді.


Енесі келінін пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Отбасылық жанжалда 45 жастағы отанасы туған ұлының әйеліне пышақ салды. Аталмыш істі Өскемен қаласының №2 соты қарады, деп жазады Алтайньюс.

Даудың басы – белгісіз. Бір анығы – іске ішімдіктің қатысы бар. Әуелі келіні енесіне ауыр сөздер айтып, балағаттаған көрінеді. Енесі де есесін жібермеген, әлбетте. Ақыры айтарға сөзі таусылған ана пышақ ала жүгірген. Келінінің ішіне екі рет, иық тұсына бір рет салып үлгерген екен. Осылайша таңертең ғана нан тураған пышақ, қанға малынды.

Жедел жәрдемге жапа шегушінің өзі, яғни келін қоңырау шалған. Аталған мекен жайға дереу жеткен медбикелер оның жанын аман алып қалды. Полицияға хабар берген – осы медбикелер.

Іс сотқа жетті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында, 45 жастағы ана, болған іске өкінетінін жеткізді. Өз кезегінде жапа шегуші де ешқандай арыз-шағымы жоғын айтып, енесін бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот аталмыш жағдайларды ескере отырып, алдағы уақытта қайталанбайды деген үмітпен айыпталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.