Қылмыскер 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам 10 мың теңге және телефон үшін танысын өлтіріп кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.
Іс мәтериалдарындағы мәлімет бойынша, оқиға кезінде қылмыскер жәбірленушінің үйінде болған. Екеуі жанжалдасып, артынша әйел адам ұйықтауға кетіп қалған.
Ашуға бой алдырған ер адам асханаға барып, пышақ алып төсекте жатқан әйел адамның кеудесінен ұрып жіберген. Әйел адамның қашып құтылайын деген әрекеттерін байқаған ер адам қолына орамал алып оны тұншықтырып тастаған. Оқиғадан кейін ер адам пәтерден 10 мың теңге мен ұялы телефонды алып шығып кеткен.
Полицейлер қылмыскерді бірден құрықтаған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 188-баптары бойынша жаза тағайындалып, қылмыскер 11 жылға бас бостандығынан айырылған.