​Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды

0
1 530

Сондай-ақ оған әйелімен сөйлесуге тыйым салынды.


​Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды

ERNUR.KZ.Испания тұрғыны әйелінің WhatsApp мессенджеріндегі хаттарын оқып, жария еткені үшін екі жылға түрмеге қамалды, деп жазады sputniknews.kz.

Қызғаншақ күйеу тыңшылық бағдарламаның көмегімен әйелінің хаттарын оқып, кейін оған скриншотын жіберіп отырған. Бұған қоса, ер адам хаттарды жария еткен.

El Confidencial ақпаратынша, бұған қоса әйел күйеуін ұрды және зорлады деп айыптаған. Айыптау тарапы 32 жастағы кәсіпкерді 78 жылға соттауды талап етті. Алайда ұрып-соғу және зорлау фактісін дәлелдеу мүмкін болмады.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айырды және 3,3 мың еуро мөлшерінде айыппұл салды.

Сондай-ақ оған әйелімен сөйлесуге тыйым салынды.