Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған: Күдікті анықталды

0
929

Ол басқа өңірдің тұрғыны екені белгілі болды.


Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған: Күдікті анықталды

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қызды кеудесінен ұстаған ер адамды анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Ол басқа өңірдің тұрғыны екені белгілі болды.

"Бостандық аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Қыздың айтуынша, полицейлер оған тәртіпбұзушы Алматыда емес екенін айтқан.

Еске салайық, бұған дейін жәбірленуші қыз супермаркеттегі видеоны жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйде болған. Оның қасында тағы бір адам болды.