Ер адамның мәйіті табылды: Қостанай облысында аса ауыр қылмыстың беті ашылды

0
629

Заречный ауылының 52 жастағы тұрғыны ұсталды.


Ер адамның мәйіті табылды: Қостанай облысында аса ауыр қылмыстың беті ашылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ооған адам өлтірді деген айып тағылды.

«17 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйітін табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.