​Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты

0
758

Премьер-Министрдің орынбасары медициналық ұйымның жұмысына оң баға берді.


​Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында вице-Премьер Ералы Тоғжанов Степногорск қаласындағы "Viamedis" ЖШС филиалының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы "Степногорск қалалық емханасы" ШЖҚ МКК сенімгерлік басқаруға беру бойынша "Viamedis" ЖШС-мен МЖӘ шартын жасасты.

Бір ауысымда жобалық қуаты 1020 келушіге арналған емхана жалпы тәжірибелік 7 учаскеден, 20 терапевтік және 15 педиатриялық учаскелерден тұрады.Степногорск қаласының, Ақсу, Заводской, Бестөбе кенттерінің, Қарабұлақ, Степногорск, Қырық құдық, Изобильное, Бөгенбай ауылдарының бекітілген тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық көмек көрсетеді. Барлығы 470 қызметкер жұмыс жасайды.

Филиал директоры Нұрлан Ахильбековтың айтуынша, қалалық емхана 1980 жылы ашылған. 40 жыл ішінде бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. "Viamedis" бірігуімен, сондай-ақ шамамен 1 143 732 062 млн теңге инвестиция тартумен емхана жаңғыртылды. Бірқатар аурулар бойынша сапалы және жедел диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Халыққа компьютерлік томограф, цифрлық рентген және цифрлық маммограф қызметтері ұсынылады. Жоғары сапалы сәулелік диагностика бөлімшесі ұйымдастырылды. Электрондық кезек енгізілді және күтудің жайлы аймақтары құрылды.

Әрбір пациентке жеке медициналық көмек көрсететін инновациялық медициналық оңалту бөлімі құрылды. Барлық қызметтер ТМККК және МӘМС пакеттері аясында емханаға тіркелген халыққа тегін қолжетімді.

"Бүгінгі таңда біздің емханада заманауи компьютерлік томография аппараты, 2 рентген-аппарат, 2 флюрограф, 3 УДЗ-аппарат, 2 маммографиялық қондырғы, 2 бейнеэндокопиялық қондырғы, фиброгастроколоноскоптар, кольпоскоп, гистероскоп, BOWA фирмасының 2 электрохирургиялық аппараты, 2 Холтер "ЭКГ және АД тәуліктік мониторлау кешені және т. б. бар", - деді Н. Ахильбеков

Емхана қызметінде онкологиялық аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге ерекше көңіл бөлінеді, себебі Степногорск қауіп жоғары аймақта орналасқан. Жүргізілген жұмыстардың арқасында халық арасында ауруларды ерте анықтау жақсарды.

Премьер-Министрдің орынбасары медициналық ұйымның жұмысына оң баға берді.

"Қорытындылай келе, барлық қабылданып жатқан шаралар мен бастамалар бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталуы тиіс екенін атап өткім келеді", - деді Е. Тоғжанов