Қайғылы оқиға 3 қаңтар күні сағат 11-лер шамасында болған
ERNUR.KZ. Өскемен көшелерінің бірінде орындықта отырған әйел адам қайтыс болды, деп жазады sn.kz.
Қайғылы оқиға 3 қаңтар күні сағат 11-лер шамасында болған. Куәгерлер әйел адамның жүріп келе жатып, кенет өзін жаман сезінгенін айтады. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақыртқан.
«Жедел жәрдем бригадасы келгенде әйел өліп кеткен. Оқиға орнына Өскемен қалалық полиция басқармасының жедел тобы жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, ол есірті қолданған», – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.