Ескі көлігін тапсыратындарға берілетін төлем көлемі ұлғаяды

0
897

Ескі көлігін тапсырушылар үшін тағы бір жағымды жаңалық – көлікке берілетін ақша аударымының мерзімі қысқартылды.


Ескі көлігін тапсыратындарға берілетін төлем көлемі ұлғаяды

ERNUR.KZ. 1 маусымнан бастап ӨКМ операторы ескі көліктерді қайта өңдеуге тапсыруға берілетін ақшалай төлем мөлшерін ұлғайтады, деп жазады baq.kz.

ҚР Инвестициялар және даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімімен бекітілген ескі көліктерді қабылдаудың жаңа ережесіне сәйкес М1 санатындағы көліктертерге берілетін ақшалай төлем айлық есептік көрсеткішке байланысты болады. Яғни, АЕК өсуіне қарай автокөлікке берілетін төлем көлемі де ұлғайып отырады.

Тозығы жеткен жеңіл көліктерді қабылдау екі санат бойынша жүзеге асырылады: 1-санат – 72 АЕК, 2-санат бойынша төлем мөлшері - 54 АЕК (АЕК - 2778 теңге) құрайды, - делінген хабарламада.

Осылайша, 1 маусымнан бастап жеңіл көлігін тапсырғандар 150 мың теңгенің орнына 200 мың теңге (72 АЕК) алатын болады. Толық емес жиынтықтағы көлік 150 мың теңгеге қабылданады. Бұған дейін толық емес жиынтықтағы көлікке 48 мың теңге беріліп келген.

Ескі көлігін тапсырушылар үшін тағы бір жағымды жаңалық – көлікке берілетін ақша аударымының мерзімі қысқартылды. Бұған дейін көлік өтізгендерге ақша аударымы 15 жұмыс күнінде жасалса, енді ол шара 2 күннің ішінде жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Жаңа ереже бойынша жеңіл автокөліктер тек ақшалай төлемақыға қабылданады. Ал отандық көлік құралдарын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттары жолаушы (М2, М3 санаты) және жүк көліктерін (N1, N2, N3 санаты) тапсырушылар үшін бұрынғы қалпында сақталады. Айта кету керек бұған дейін берілген жеңілдік сертификаттары (жеңіл автокөліктер үшін) қолдануы мезімі аяқталғанға дейін жарамды.

Айта кетейік, тозығы жеткен көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламалары іске қосылғаннан бері қабылдау бекеттері 130 мыңнан астам көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдады. Тапсырылған көліктер Қарағандыдағы қайта өңдеу зауытында кәдеге жаратылады.