"Гаражды тұрақ еткен": Өскеменнің қақ ортасында түлкі жүр (видео)

0
1 002

Түлкі бұл маңға жақында ғана келген.


ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы "Заречный" базарының маңындағы гаражда түлкі тіршілік етеді, деп жазады baq.kz.

Былтыр Шығысқа білім іздеп бұғы, кәуәп іздеп аю, елік,сілеусін, қысқасы, аңдар қалаға жиі келгіштеп кеткен еді. Тұрғындары қалаға аң кіріп кетсе таңқалмайды. Енді міне, қаланы мекен етіп жүрген түлкі де бар болып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, ол бұл маңға жақында ғана келген. Гараж қасынан үңгір қазып, сол жерде жүрген көрінеді. Жергілікті тұрғындар түлкіні тамақтандырып жүр.
Бірақ оның өмірі үшін алаңдайтындар көп. Себебі ауданда иттер өріп жүр.
Қаладан пана іздеген елік сияқты өліп қалмасын десек, бір шара қолданайық, - дейді өскемендіктер.