Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.
ERNUR.KZ. 10 жылға сотталған генерал-майор Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді, деп жазады tengrinews.kz.
Жетісу облысының соты мәліметінше, Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы үкіммен келіспей, оны аппеляцияға беруді ұйғарған. Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.
"Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі қарау Жетісу облыстық сотының ғимаратында 29 маусымда сағат 15:00-ге белгіленді", - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.
Еске салайық, бұған дейін полицияның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Талдықорған қаласындағы №71 мекемеде қамауда екені хабарланған болатын.