Геология комитетінің төрағасы тағайындалды

0
698

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


Геология комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей геологиялық барлау техникумын, В. И. Ленин атындағы Қазақ ұлттық политехникалық институтын тәмамдаған.

Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері. Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласындағы полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған.

Семей қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымдары атқарған.

2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Геология департаментінің басшысы қызметінде болды.

2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.