​Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды

0
1 142

Ол 2017 жылдың 12 маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған.


​Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды

Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сұранысы бойынша, Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының Германиядағы әріптестеріне жолдаған тапсырмасы нәтижесінде 23 сәуірде Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталды", - делінген ҚР ІІМ өкілдері.

KASE мәліметінше, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Ибрагим Бақытқа Qazaq Banki акцияларының 10,71 пайызы тиесілі. Ол 2017 жылдың 12 маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін 9 мамырда қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны хабарланған болатын. Ертаевтың Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болғаны айтылған еді.