Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды

0
947

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.


Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын"- делінген хабарламада.

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келді.

Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.