Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды

0
509

Ғизат Нұрдәулетов 2019 жылы наурызда Бас прокурор болып тағайындалған болатын.


Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайы ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.

Ғизат Нұрдәулетов 2019 жылы наурызда Бас прокурор болып тағайындалған болатын.

Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды.

2017 жылы шілде айынан бастап ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың 18 наурызында ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.