Игерілмеген жерді қайтару мәселесі Бас прокуратурада қаралды

0
1 608

Айта кететін жайт, 2012 жылдан 2017 жылға дейін әкімшілікпен қалалық прокуратурамен бірлесіп 16 мың га. көлемде 1084 игерілмеген жерлер анықталды.


Игерілмеген жерді қайтару мәселесі Бас прокуратурада қаралды

ERNUR.KZ. Бас прокуратурада игерілмеген жерлерді қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара елорданың одан әрі дамуы бойынша 2018 жылғы 5 сәуірде өткен жиналыста Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өтті.

Жиналысқа Астана қаласының прокуроры, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ Қалалық орта сапасын бақылау басқармасының және Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары қатысты.

Айта кететін жайт, 2012 жылдан 2017 жылға дейін әкімшілікпен қалалық прокуратурамен бірлесіп 16 мың га. көлемде 1084 игерілмеген жерлер анықталды.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ондай жерлердің мөлшері 202 телімге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ игерілмеген жерлерді тартып алу туралы 12 арыз сотқа енгізілді.

Бүгінде талап-арыздарды қанағаттыру туралы 2 шешім шықты.

Бұдан бөлек, 514 мемлекеттік жерді өз бетімен басып алу фактілері анықталып, 201 тұлғаға қатысты заңсыз құрылыстарды бұзу туралы соттардың шешімдері шығарылды.

Сонымен қатар Астанада кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуды жүзеге асырған жалпы көлемі 216 га құрайтын 54 карьер есептелінеді.

Қалалық прокуратура мен әкімшіліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде 183 бірлік техника ұсталып, сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне 85 кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табу фактілері тіркелді.

Әкімшілік жауапкершілікке 13 тұлға тартылды. Олардан сот тәртібінде 4 млн. теңгеден астам экологиялық зардап өндірілді.

Бүгінгі таңда игерілмей қалған жерлер санын қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу сұрақтары күрделі мәселе болып қалады.

Жиналыстың қорытындысы бойынша күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Осы бағыттағы жұмыс Бас прокуратураның бақылауында.