ERNUR.KZ. III Чарльз патша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп жазады Kazinform.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің ресми Instagram аккаунтында жарияланған хабарламада ортақ жаһандық мақсаттарға бағытталған екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенім білдірілген.
«Мен елдеріміз арасындағы байланысты жоғары бағалаймын. Бейбітшілік пен өркендеу, қоршаған орта мен климаттың өзгеруі сияқты маңызды жаһандық мәселелер бойынша қарым-қатынастымыз жалғасын табады деп үміттенемін. Бұл бастамалардың болашақ ұрпағымыз үшін берері көп,» – деді ІII Чарльз патша өзінің құттықтауында.
Сондай-ақ Чарльз патша мен Камилла патшайым Қазақстан халқына алдағы жылға деген игі тілектерін жеткізді: «Мен және жұбайым осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерге және Қазақстанның барлық азаматтарына жылы лебіздерімізді жеткізгіміз келеді».
Бұл құттықтау басқа да әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, оқырмандар тарапынан кең қолдауға ие болды.