ІІМ қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына берілетін кепілдіктерді атады

0
704

2022 жылдың қаңтарында елімізде орын алған қылмыстық элементтер мен қарулы қақтығыстар салдарынан ішкі істер органдарының сегіз қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапқан.


ІІМ қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына берілетін кепілдіктерді атады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі бүлік кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қандай жеңілдік берілетінін жария етті, деп жазады ulysmedia.kz.

2022 жылдың қаңтарында елімізде орын алған қылмыстық элементтер мен қарулы қақтығыстар салдарынан ішкі істер органдарының сегіз қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапқан.

«Бұл олардың отбасылары мен ішкі істер министрлігінің әрбір қызметкері үшін орны толмас шығын. Олардың есімдері батырлар жылнамасына мәңгі енгізіліп, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының қайғылы тарихына алтын әріппен жазылады. Олардың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің бірде-бір отбасы мен балалары біздің назарымыздан тыс қалмайды», – дейді ведомстводан.

Борышы мен антына адалдық танытқан 8 қызметкердің әрқайсысы қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған.

«Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 66-бабы бойынша қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер көзделген:

  • Қайтыс болған адамның отбасына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
  • Қызметкердің балаларына кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызметті пайдалану құқығы сақталады.
  • Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.
  • Сонымен қатар, ІІМ басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу процестері және тұрғын үй мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер жасау мәселесін пысықтауда.