Ипотекалық несие арзандайды

0
1 083

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ипотекалық несиені арзандату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы баяндады.


Ипотекалық несие арзандайды

фото: ашық дереккөзден

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ипотекалық несиені арзандату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы баяндады.

«Биылғы жылы бұл бағдарламаны әрі қарай жүзеге асыру механизмін қайта қараймыз. Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру бағдарламасы аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру жұмыстарын бастадық. Сондай-ақ, баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, 2030 жылға дейін бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метр баспанамен қамту көрсеткішіне дейін жеткізу мақсатында ипотекалық несиелендіру құнын арзандату мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, осы жылдың өзінде банктер баспана құрылысына 125 миллиард теңге жеңілдетілген несие, тағы да 105 миллиард теңге ипотекалық несие беріледі.

«Банк секторының жандануы жыл сайынғы берілетін несие мөлшерін 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуге септігін тигізіп, ТұрғынүйҚұрылысЖинақ банкі салымшыларының үлесін экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 12 пайызға дейін жеткізуге ықпал етеді », - деді министр.