Енді тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін ХҚО-ға бару міндетті емес.
ERNUR.KZ. Ендігі уақытта бас қаланың тұрғындары ЭЦҚ-ны іQala қалалық қызметтер көрсету орталығында да ала алады, деп жазады Елорда Инфо.
«Енді осы аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін ХҚО-ға бару міндетті емес. Бұл қызмет іQala-да жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Бұл жақын деген Халыққа қызмет көрсету орталығына дейін айтарлықтай алшақтықты ескерсек, өте ыңғайлы. Жалпы іQala-да елорда тұрғындары 119 қызмет түрін ала алады, оның ішінде онлайн түрінде. Мәселен «Астана су арнасы», «Астана-БЕО», «АРЭК» және т.б. шарт жасаса алады. Осылайша, ашылған сәтінен бастап 3,8 мың операциялар көрсетілген, олардың 65% - цифрлық форматта. Монополистердің қызметтері жақындай түсті», - деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram парақшасында.
Орталық қызметіне астаналықтар www.iqala.kz порталында онлайн режимде немесе Р.Қошкарбаев көшесі, 29 мекенжайындағы кеңседен алу мүмкіндіктері бар.