Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтар болмаған – министрлік

0
606

​Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін екі минуттан соң құлаған, борттағы барлық адам көз жұмған.


Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтар болмаған – министрлік

ERNUR.KZ. Иранда украиналық Boeing 737 құлады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақта қазақстандықтар болмаған, деп жазады sputniknews.kz.

"Иран сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын ала ақпараты бойынша, украиналық әуе компанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ирандағы қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтарымен байланысып жатыр.

Айта кетсек, қазір Иранда Қазақстанның 174 азаматы тіркелген.