Судьяға ірі көлемде пара алды деген айып тағылды

0
1 725

Бұл ақпаратты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растап отыр.


Судьяға ірі көлемде пара алды деген айып тағылды

Ақмола облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 1,6 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растап отыр.

"Біз бұл ақпаратты растаймыз. Қазіргі таңда судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Оған 1,6 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген айып тағылып отыр", - деп мәлімдеді агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин Астанада өткен брифингте.

Ол бұған дейін 35 мың доллар туралы әңгіме болғанын атап өтті. Оның 30 мың долларын өткен жылдың ақпанында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны белгілегені үшін алған.

Агенттіктің мәліметінше, 2017 жылы парақорлық фактісі бойынша екі судья жауапқа тартылды. Осы жылдың алты айы ішінде төрт судьяға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.