Ішкі істер мекемесінің лауазымды тұлғасы 11,5 милн теңге парамен ұсталды

0
1 095

Көліктегі ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының басшысы 11,5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды.


Ішкі істер мекемесінің лауазымды тұлғасы 11,5 милн теңге парамен ұсталды

12 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес басқармасының басшысын сыбайлас жемқорлық күдігімен ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Көліктегі ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының басшысы 11,5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл сома алдын ала лауазымды қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 50 мың АҚШ долларының бір бөлігі екені анықталды. Ұстау ккезінде ол қарсылық көрсетіп, Ұлттық бюро департаменті қызметкерінің көлігі бүлдіріп, қашып кетпекші болды", - делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті Астана ІІД уақытша қамау изоляторына жабылды.