Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне арнап 1 миллион маска тігілді

0
753

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.


Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне арнап 1 миллион маска тігілді

ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі істер Министрлігі қызметкерлерін қорғану маскаларымен қамтамасыз етті, деп жазады Елорда Инфо.

ҚР ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маскалар тігілді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайданауына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы Денсаулық сақтау министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды.

Елде төтенше жағдай хабарланғаннан кейін Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.