​Ислам Әбішев не үшін ұсталды

0
1 352

Тергеу мәліметінше, ол ақшаны мердігер ұйым өкілінен мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасасу үшін алған.


​Ислам Әбішев не үшін ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова АШМ Су ресурстары комитеті басшысының қамауға алынуына қатысты ақпарат берді, деп жазады Zakon.kz.

Әбішевке бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алды, деген күдік тағылған.

Тергеу мәліметінше, ол ақшаны мердігер ұйым өкілінен мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасасу үшін алған.

Жанна Бастарова жеткізгендей, Су ресурстары комитеті басшысынан басқа, қазір Халықаралық "Қазақ күресі" Дүниежүзілік федерациясы" қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ал Әбішевтің өзі осы федерацияның президенті болып табылады.

– Олар бопсалау арқылы мердігер ұйым өкілінен "Соколов топтық су құбырының реконструкциясы және ауылдық жерлерге су жеткізетін таратушы торап құрылысы, екінші кезек" қызметі бойынша 5,8 миллиард теңгелік мемлекеттік сатып алу келісімшартын ұйымдастырғаны үшін 60 миллион теңге пара алған, деп күдіктелуде", - деп хабарлады Бастарова.