Итін көлікпен сүйреген Павлодар тұрғыны жазаға тартылады

0
1 532

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.


Итін көлікпен сүйреген Павлодар тұрғыны жазаға тартылады

ERNUR.KZ. Павлодардың полицейлері итті көлікпен сүйреген адамды іздеп тапты. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Хабар24.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түскен болатын. Куәгерлер түсірген бейнетаспада көліктің жүк тиейтін бөлігіне байланған алабай тұқымдас иттің күре жолмен сырғанап бара жатқаны анық көрінеді. Полиция қызметкерлері кеншілер қаласының тұрғыны таңертеңгі уақытта итін ветернинария емханасына апарғанын анықтады. Қарт адамның үйіне қайтарда оны көлікке басуға шамасы келмепті.


- Жануарларға қатігездік көрсеткені үшін ер адамға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір көлік айып тұрағына қойылған. Ал ит иесіне қайтарылды, - деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова.