"Қағазды талап етпейміз": Енді ҰБТ-ны онлайн тіркеліп тапсыруға болады

0
811

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді.


Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын құжат тапсырмай, онлайн түрде тіркеліп тапсыру мүмкіндігі туды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Енді біз бір де бір қағазды талап етпейміз. ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес тіркеу жүйемізді максималды түрде жеңілдеттік. Қандай емтихан болса да, оған ешбір құжат тапсырмай онлайн тіркелуге болады. Осы үшін BTS digital компаниясына мың алғыс. Жемісті серіктестігіміздің нәтижесінде қаңтар айында өткен ҰБТ-дағы пилоттық жобамызда 99, 6 % қатысушылар онлайн сәйкестендіруден сәтті өтті», - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.