Ішкі істер министрі тиісті шешім қабылдады.
ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта патрульдік полицейлермен елді мекендерде қолмен және мобильді тасымалданатын жылдамдықты өлшеуіш құралдарын пайдаланбау жөнінде Ішкі істер министрі тиісті шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.
Бұл "Крис-П" мобильді кешендерге де қатысты.
Бірақ елді мекендерден тыс қала сыртындағы жолдарда жылдамдық өлшегіш құралдары бұрынғыдай қолданылады.
Бұл шаралар қалаларда ЖЖҚ бұзушылықтарын тіркейтін стационарлық жүйелердің көптеп енгізілуімен байланысты: қазір олар 3,5 мыңнан астам.