Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүзден астам зарядтау станциялары жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Ауқымды жұмыс биылға жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.
«Көліктің ауаны ластау мәселесін шешу үшін электр қозғалтқышы бар көлік құралдарын пайдалануды ілгерілету жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін биыл маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік» ставканы енгіздік. Сондай-ақ, «Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі» операторымен тиісті инфрақұрылымды құру мақсатында электр көліктерін зарядтау стансаларын дамыту бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүзден астам зарядтау станциялары жұмыс істейді», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында.
Оның айтуынша биыл ұзындығы 3 шақырымдық ірі қалааралық трассаларда электр көліктерін қуаттайтын 46 жаңа станцияны орнату жоспарланған.