Қандай сала мамандарының жоғары жалақы алатыны белгілі болды

0
1 911

Жоғары жалақы алатын өңірлер мен жоғары еңбекақы төленетін мамандықтар тізімі жарияланды


Қандай сала мамандарының жоғары жалақы алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі жоғары еңбекақы төленетін мамандықтар тізімін жариялады деп жазады 24.kz.

Бүгінде мұнай-газ саласы мамандарының жалақысы жоғары, ал ауылшаруашылығында еңбек етіп жүргендер төменгі жалақыны қанағат тұтады.

Тізімге зер салсақ, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Астанада жоғары жалақы тіркелген. Ал сұранысқа ие әрі беделді мамандар мұнай мен газ игеру, металлургия өнеркәсібі, жүк тасымалдау сынды салаларға тиесілі екен.

Елімізде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көруге ынталы азаматтар артып келеді Бағдарлама қолға алынғалы 2255 қазақстандық ипотекалық несие алуға өтініш қалдырған. Бүгінде олардың 1500-нан астамы құпталды. Жалпы құны 18 млрд теңге. Әсіресе Астана, Алматы, Актау қалаларында белсенділік жоғары. Биыл бағдарлама аясында 100 млрд теңгені игеру жоспары бар. Келесі жылы бұл сома 150 млрд құрамақ.

Жаңа тұрғын үйлердің құны халық үшін тиімді деуге келе ме?

Статистика комитетінің дерегінше, еліміздегі жаңа үйлердің бір шаршы метрі орта есеппен алғанда, 265 мың теңгеге тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға артық екен. Қуанышқа орай, тиімді бағдарламалар қабылданып жатыр.

Ұлттық банкі Мезеттік төлем жүргізу жүйесін іске қосты

Ал Қазақстан Ұлттық банкі Мезеттік төлем жүргізу жүйесін іске қосты. Бұл пилоттық жоба. Тың жүйе ұялы телефон нөмірімен түрлі банк клиенттері арасында тәулік бойы ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді. Бір транзакцияның жоғары лимиті 500 мың теңге. Тариф 1 аударымға 1 теңгеден аз болады.

Мамандар жүйенің әлі де жетілдірілетінін айтып отыр. Қазір қызмет жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға қатысты. Келесі кезекте заңды тұлғаларға лайықталады. Жүйе халыққа қолайлы, жылдам, сенімді және арзан төлем қызметін көрсетуге бағытталған. Елімізде жыл басынан бері еліміздегі электронды сауда үлесі 159 млрд теңгені құраған. Биыл 226 жаңа электронды сауда субъектілері, 1700 интернет-дүкен құрылып, сатып алушылар саны 1,5 млн адамға жеткен. Электронды сауда айналымы негізінен ақпараттық жарнама алаңы, интернет-дүкендер мен электронды сауда нүктелері арқылы жүргізіледі.