Кандидаттардың теледебатына 41 млн теңге жұмсалайын деп тұр.
ERNUR.KZ. Президентке кандидаттардың теледебаты 2019 жылдың 29 мамырында "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі. Бұл туралы ОСК отырысында комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.
Дебат үш раундтан тұрады. Бірінші раунд тақырыбы – "Қазақстанның экономикалық дамуындағы басым бағыттар".
Бұл раундтың өзі екі турдан тұрады. Алдымен әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынады. Екінші турда өз оппонентінмен сұрақ-жауап түрінде дискуссиялық сессия өтеді. Бірақ қатысушылар бір-біріне тек екі сұрақтан ғана қоя алады, – деді ол.
Екінші раундтың тақырыбы – "Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы". Оның бірінші турында – тақырып бойынша сөз сөйлеу, екінші турында жүргізушілер барлық қатысушыларға бір ғана сұрақ қояды.
Үшінші, соңғы раунд – "Сайлаушыларға сөз арнау". Онда қатысушылар өз сайлаушыларына тікелей сөз арнайды. ОСК жоспарынша, дебат кемінде 80 минутқа созылады.
Алайда ОСК 29 мамырда Тоқаев қатысуы тиіс ЕАЭО отырысы өтетінін қаперден шығарып алған екен. "Сонда Тоқаев дебатқа қалайша қатыспақ?" деген журналистің сұрағына Сүлейменова былай жауап берді:
Біз сол күнге ондай жоғары деңгейлі отырыс жоспарланғанын білмей қалдық. Үгіт-насихат кезеңінде көптеген түрлі шаралар өтеді ғой.
Нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында телевизиялық дебат Нұр-Сұлтанда 29 мамырда өтеді, ол "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі деген қаулы қабылданды. Бұл процесске 41 млн теңге бөлінген болатын.