Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер істің облыстық прокурордың бақылауында екенін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қапшағайдағы жаяу жүргіншілер өткелінде қалалық прокуратураның жүргізушісі қағып өлтірген 23 жастағы Владимир Власовтың отбасы туысын өлтірген адам жазадан құтылып кетеді деп қорқып отыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Алматы облысы, Қапшағай қаласында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы 6 шілдеде түнгі сағат 1 шамасында болған.
Айыптау актісінде жүргізуші сақтандыру полисі негізінде Skoda Superb автокөлігін басқара отырып, жаяу жүргіншілер өткелі маңында жылдамдығын төмендетпей, жол ережелеріне сәйкес жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткені көрсетілген. Апат салдарынан көптеген жарақат алған жігіт алты сағаттан кейін ауруханада қайтыс болған.
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ бұл іс қоғамда қызу талқыланған, себебі жол-көлік оқиғасының видеосы Желіде жарияланған.
"Бізге оның 8 шілдеден 14-іне дейін ауруханада жатқаны айтылды. Бірақ 6-8 шілде аралығында ол ауруханада болмады ғой. Қамауға кеш алынғандықтан, наркологиялық сараптама жүргізілмеген. Айыпталушының туыстары марқұмның отбасымен татуласуға тырысып жатыр, бірақ олар мұны өте дөрекі түрде жасайды. "Міне, 1,5 миллионды. Алыңдар да, мұның бәрін доғарыңдар". Олар марқұмның ағасына өте жағымсыз нәрселер жазады", - деді адвокат.
Қаза тапқан жігіттің анасы қазақстандықтарға бейнеүндеу жариялаған. Оның айтуынша, жол апатанына кінәлі адам жазадан құтылып кетуі мүмкін.
"Барлық құқығымыз бұзылды, тергеу кезінде барлық өтінішіміз еленбейді, сотта судья бізге істі қараудың жеңілдетілген процедурасы бар - бар-жоғы 10 күн екенін айтады", - деді видеода Елена Власова.
Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер істің облыстық прокурордың бақылауында екенін мәлімдеді.