Қар, бұрқасын, тұман: синоптиктер бүгінгі күннің ауа райы болжамын жариялады

0
1 737

​Қазақстан аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.


Қар, бұрқасын, тұман: синоптиктер бүгінгі күннің ауа райы болжамын жариялады

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК 15 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон әлі де еліміздің ауа райына ықпал етеді. Қазақстан аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, солтүстігінде, солтүстік-батысында – қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста – көктайғақ, солтүстікте, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Синоптиктердің болжамынша, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, түнде Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, шығысында қатты қар жауады.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Абай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.