Ветеринарлар қатерлі індет жабайы аңнан жұққан деп болжап отыр.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қара құтыру ауруын жұқтырған. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары айтты. Әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді, деп жазады sputnik.kz.
Қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін, дейді ветеринарлар. Ауылда шектеу шаралары енгізілді.
Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп шыққан көліктің бәрі тексеріледі.