Қарағанды көмір бассейніндегі ірі шахталардың бірі Ленин атындағы шахта 1964 жылы пайдалануға берілген.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жұмысқа шыққан кеншілердің барлығын жылдам эвакуациялады. Ескі шахтадан түтін шығып, оқиға орнына кәсіби әскери құтқару қызметі барған. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ, деп жазады azattyq.org.
"Хабарлау құрылғыларының көмегімен ескі кен орны аумағынан түтін шыққаны анықталды. Апат кезіндегі қимылдау жоспарына сәйкес, кеншілердің барлығы жоғары жаққа шығарылды" - деді Азаттыққа "АрселорМиттал Темиртау" компаниясының өкілі.
Қарағанды көмір бассейніндегі ірі шахталардың бірі Ленин атындағы шахта 1964 жылы пайдалануға берілген. 1996 жылы шахта үндістандық миллиардер Лакшми Миттал басқаратын компанияның меншігіне өтті. Теміртаудағы металлургия комбинаты да "АрселорМиттал Темиртау" компаниясына қарайды.
1970 жылдың соңынан бері Ленин атындағы шахтада адам шығыны болған кемінде жеті апат болған. Ең ірісі 2006 жылы болды. Ол кезде метан жарылып, 41 кенші қаза тапты, жеті адам жараланды.