Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті

0
779

Азаматтардың бейқамдығы және үй малдарын теміржол бөлігіне жіберуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.


Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтардың бейқамдығы және үй малдарын теміржол бөлігіне жіберуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Теміржол аса қауіпті аумақ болып саналады, бұл жөнiнде көлік полицейлері үнемі ескертіп отырады», - дедi Көліктегі полиция департаментi бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Оның айтуынша, пойыздың малды басып кетуі салдарынан жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне, адамдар жарақаты сияқты ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Биыл 17 маусымда «Новалы – Сарышаған» өткелінде жолаушылар пойызы 21 бас қойды басып кетті.

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде малдың иесі анықталды. Ол 30 жастағы Қарағанды облысы Сарышаған кентінің тұрғыны болып шықты. Мал иесі отар қойды темір жолдың бұрылыс бөлігінде жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.