Әйел босанғаннан кейін көз жұмды, нәресте тірі, бірақ ауыр хәлде жатыр.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 43 жастағы көпбалалы ана перинаталды орталықта көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Белгілі болғандай, әйел алтыншы баласын дүниеге әкелгеннен кейін он күннен соң қайтыс болған. Сәби тірі, бірақ жағдайы ауыр.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді. Ведомство ақпаратынша, бұл факті бойынша медицина және фармацевтика қызметінің сапасын бақылау департаменті жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында анасы коронавирус жұқтырған шала туған сәби көз жұмған еді.