Қарағандыда аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

0
2 440

Күдіктілер өз кінәсін мойындады.


Қарағандыда аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері екі күн ішінде аса ірі көлемде есірткі сатушыны және психотроптық заттарды тұтынушыны ұстады, деп жазады Polisia.kz.

16 қаңтарда қоғамдық тәртіпті күзету кезінде Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жаяу наряды Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде 34 жастағы ер адамды ұстады.

Есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен ұсталған адам 2020 жылдың жазында жабайы қарасораны жинағанын, содан кейін оны жеке пайдалану үшін кептіргенін түсіндірді.

Қарағанды қаласының ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері тінту кезінде одан 500 грамнан астам кептірілген марихуана, 40 граммға жуық гашиш, 300 грамнан астам кептірілмеген марихуана, сондай-ақ есірткі шегуге арналған құрылғылар тауып, тәркіледі.

Сонымен қатар, 17 қаңтар күні Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп, 15 дана “скорость” синтетикалық препаратын белгілі бір жерлерге жасыруға тырысқан Қарағанды облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Қарағанды қаласының ПБ ЕҚҚІҚБ қызметкерлері оқиға орнынан жалпы салмағы 8,95 грамм болатын 15 полимерлі пакетке оралған психотроптық затты тәркіледі.

Күдіктілер кінәсін мойындап, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.