Қарағандыда дене шынықтыру мұғалімі оқушыға қол көтермеген - білім бөлімі

0
1 068

Қарағанды қаласының білім бөлімі дене шынықтыру мұғалімінің оқушыға қол көтергені үшін айыптау фактісі бойынша қызметтік тексеруді аяқтады.


Қарағандыда дене шынықтыру мұғалімі оқушыға қол көтермеген - білім бөлімі

ERNUR.KZ. Мектеп басшылығы 13 жасар оқушының анасы баламды ұрды деп айып таққан мұғалім ақталды. Оқу орнында орнатылған бейнекамерадағы жазба дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімге қол көтермегенін көрсетті. Баланың анасы ұстаздан кешірім сұрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының білім бөлімі дене шынықтыру мұғалімінің оқушыға қол көтергені үшін айыптау фактісі бойынша қызметтік тексеруді аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 13 жасар жасөспірім мұғалімнің оны бірнеше рет басынан ұрып , бүкіл сыныптың алдына желкесінен сүйрегенін айтқан болатын.

Алайда бейнежазбада мұндай әрекет болмаған.

«Баланың анасы, полиция және мектеп басшылығы мектептің спортзалында орнатылған бейнекамераның жазбаларын бірге қарап шықты. Видеода зорлық-зомбылық фактілері жоқ. Бейнебақылау камерасындағы жазба дене шынықтыру мұғалімінің балаға қол көтеру фактісі болмағанын көрсетті. Баланың анасы жағдайды түсінбегенін айтып, тексерілмеген ақпаратты жария етуге асыққаны үшін кешірім сұрады. №34 мектеп ғимаратында педагогтардың, учаскелік полиция инспекторларының және 7-сынып оқушысының анасының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізілді. Тексеру аяқталды», - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Дене шынықтыру мұғалімі жалған айып тағылғаны үшін баланың анасынан әлеуметтік желіде кешірім сұрауын немесе моральды шығын талап ете ме, жоқ па - әзірге белгісіз.