Полиция қызметкері пәтерге кіріп, әйелді өлімнен құтқарып қалды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда үш жасар қызды қолына көтеріп алған 24 жастағы әйел терезеден секірмек болды, деп жазады Stan.kz.
Төтенше жағдай 23 мамырда Восток-3 шағын ауданында болған. Қолында баласы бар әйел терезенің үстінде отырды және секіремін деп қорқытқан.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жедел аттанды. Жеткеннен кейін факт расталды: 24 жастағы әйел 3 жасар қызын қолына алып, бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінің үстінде отырған. Сондай-ақ, аталған мекен-жайға Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі келді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ДП баспасөз қызметі.
Полиция қызметкері Қымбат Алтаев пәтерге кіріп, әйелді өлімнен құтқарып қалған.
Тексеру барысында әйелдің медициналық мекемеге тіркелгені анықталды. Оны емханаға алып кеткен.