Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға жеткізілді

0
1 724

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға бүгін, 21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласындағы Щорс көшесі, 37-үйде болды.

«Екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды (көлемі 5 л). Өрт болған жоқ. Жарылыс салдарынан №6 (2-ші қабатта) және ішінара №4, 5 (2-қабатта) және 3 (1-қабатта) пәтерлерде ағаш қабырғалар қирап, алдын ала болжам бойынша үйдің 36 шаршы метр алаңы бүлінді», - делінген хабарламада.
Жарылыс салдарынан 53 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйел зардап шекті. Олар күйік жарақаттармен Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығына жатқызылды.
Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің 36 қызметкері және 8 техникасы жұмыс істеді.
Қала әкімдігі баспаналары бүлінген тұрғындарға жатақханадан орындар ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.