Қарағандыда оқушы қыз шатырдан секірмек болды (видео)

0
749

«102» телефонына орта мектептің сынып жетекшісінен хабарлама түскен.


Қарағандыда оқушы қыз шатырдан секірмек болды (видео)

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болған жасөспірімді өлім аузынан алып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

3 наурыз күні «102» телефонына Шахтинск қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептің сынып жетекшісінен хабарлама түскен. Мұғалім 14 жастағы мектеп оқушысы Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі №58 үйдің шатырында өзіне-өзі қол жұмсамақ болып тұрғанғанын мәлімдеген.

«Полиция бөлімінің жедел кезекшісі оқиға орнына құрамында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аға лейтенант Дулат Ситахметов пен аға лейтенант Айдос Ыбыраев бар «01-10» автопатрулін жіберген. Олар суицидтің алдын алып, қыз баланы аман алып қалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала анасымен жанжалдасқаннан кейін осындай қадамға барған. Қазіргі уақытта онымен ювеналды полиция қызметкерлері мен психолог жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, еріктілер мен қала тұрғындары әлеуметтік желіде полицияға батыл іс-әрекеттері үшін алғыстарын білдіруде.