Қарағандыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

0
350

Жәбірленушінің анасы полицияның әрекетсіздігі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеуші күдіктіні босатып жіберген.


Қарағандыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Қарағандыда жасөспірімге үш жерден пышақтап кеткен. Бұл туралы Instagram-да зардап шеккен баланың анасы айтты, деп жазады baq.kz.

10 шілдеде менің ұлыма шабуыл жасалып, пышақтап кеткен. Бір соққы басына тиген, екіншісі кеудеге тиген, үшіншісі қолын жарақаттаған. Алланың арқасында менің ұлым тірі қалды. Осыдан кейін балам ауруханаға жеткізілді, қазір бәрі жақсы, қолын тікті, бірақ миы шайқалған, - деп жазды Айсұлу Матаева.
Жәбірленушінің анасы полицияның әрекетсіздігі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеуші күдіктіні босатып жіберген.
Полицияға арыз жаздық, бірақ олардың қандай да бір әрекет етіп жатқанын көріп отырғаным жоқ. 18 шілдеде мен тергеуші Руслан Бабаевқа істің қалай жүріп жатқанын білу үшін қоңырау шалдым. Ол Царенко атты адамның ұсталғынан айтты. Олар бізсіз қылмыс орнына барған және дүйсенбі күні жүзбе-жүз кездесу болады деп айтты. Бірақ дүйсенбіде ешқандай кездесу болмады. 20 шілде күні тергеушіге қайта қоңырау шалдым, ол маған ұсталған адамның босатылғанын айтты. Мен наразылық білдіріп, ашулана бастағанда, ол басшысының бұйрығы солай болғанын айтты, - деді жәбірленушінің анасы.

Әйел сол күні болған оқиғаның видеосын ұсынып отыр. Видеода белгісіз адам қара жемпір мен қызыл кроссовка киген ұлына шабуыл жасағаны көрінеді. Ананың айтуынша, тергеушіде бейнежазба жоқ, бірақ әйел бейнежазбаның бар екенін дәлелдеп отыр.