​Қарағандылық шенеуніктер қоғамдық көліктерде жүретін болады

0
1 145

Сіздер нашар бақылайсыздар.


​Қарағандылық шенеуніктер қоғамдық көліктерде жүретін болады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларынан кем дегенде аптасына бір рет қоғамдық көлікте жүруді талап етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының жақсаруын қалайды.
Аппараттық жиналыста ол Қарағанды қаласының әкімінен электрондық жол ақы жүйесінің енгізілуіне қатысты есепті талап етті:

- Біз бұл туралы қаңтарда айтқан болатынбыз. Сіздер мамырда іске қосамыз деп уәде берген болатынсыздар. Мен білемін – іске қостыңыздар. Енді қандай деңгейде екені туралы мәлімдеңіздер.

Қала әкімінің айтуынша, құрылғыларды орнату жұмыстары аяқталды. Ол аталмыш жүйе жыл соңына қарай жұмыс істей бастайтынына уәде берді.

- Біз барлық жеңілдік берілетін азаматтар, әлеуметтік көмек алатындар тізімін реттедік. «КаР-Тел» компаниясымен интернет тарату жөнінде келісімшарт жасалды. Қыркүйектен бастап жүйеге қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар басталды. Шамамен 300-ге жуық адам жұмыс істейді, ол – бағдарламалаушылар, диспетчерлер, техниктер, - деп мәлімдеді Нұрлан Әубәкіров.

– Жалпы, құрылғыларды орнатуды біз аяқтадық. Желтоқсанда жүйені толықтай іске қосамыз.
Ерлан Қошанов электрондық билеттеу жүйесін енгізуді бақылауды жалғастыруды тапсырды.
Бұған қоса, ол жолаушыларды тасымалдау сапасына назар аударды.

- Сіздер нашар бақылайсыздар. Мен де көріп отырмын ғой. Тағы да біз бұрыңғы жағдайға оралып келеміз, - деді Ерлан Қошанов қала басшысына.

– Тазалық, жүйелілік және сыпайы қызмет көрсету сапасы – осының барлығын қадағалауды жалғастыру қажет. Кесте құруды тапсырамын: менің орынбасарларым, басқарма басшыларынан бастап, барлығын маршруттар бойынша бөліп тастаңыздар, қоғамдық көлікпен жүрсін. Ол тізімге Қарағандының әкімін де енгізіңіздер, өз орынбасарларымен бірге жүрсін.

Шенеуніктер қоғамдық көлікте жүрген әр сапарларын сипаттаулары тиіс, ал облыс әкімі апта сайын жинақ есептеме алып отыруы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық билеттеу жүйесін енгізу жоспары туралы Қарағандыда алғаш рет 2017-ші жылдың күзінде айтылды. 2018-ші жылдың маусымында тестілік режимде жұмыс істей бастаған алғашқы терминалдар орнатылды. Құрылғыларды Қарағандыға Корей елінің Пусан қаласынан жеткізген.