Карантин: Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды

0
2 520

Алматының бас санитар дәрігері қалада 21-28 наурыз аралығындағы кезеңде қалада қатаң шектеу шараларын енгізген болатын.


Карантин: Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді шектеу шараларына түсіністікпен қарауға шақырды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифинг барысында мереке күндері қарсаңында енгізілген шектеу шаралары кәсіпкерлер үшін «өте ауыр» екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Біз карантин шаралары кәсіпкерлер үшін ауыр екенін түсінеміз және ол кіріс көп болады деп күтілген мереке күндеріне сай келіп тұр. Алайда бұл денсаулық сақтау жүйесі жұмысын тұрақтандырып, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін қабылданған шаралар. Сондықтан кәсіпкерлерді шектеу шаларына түсіністікпен қарауға шақырамын»,- деді ол.


Басқарма басшысы кәсіпкерлерге үндеу жасады.


«Мен Алматы қаласының кәсіпкерлеріне жүгінгім келеді. Карантин талаптарына жауапкершілікпен қарап, бір аптаға созылатын шектеу шарасын сақтауын сұраймын. Егер біз бір апта ішінде карантин шектеулерін сақтасақ, бұл қалыпты өмірге және толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді Еркебұлан Оразалин.


Айта кетейік, Алматының бас санитар дәрігері қалада 21-28 наурыз аралығындағы кезеңде қалада қатаң шектеу шараларын енгізген болатын. Бұл шектеу жұқтыру механизмін, сонымен бірге жұқтыру тізбегін ажырату бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.