Көшу көрсеткіші өткен жылға қарағанда 12,1 пайызға аз.
ERNUR.KZ. Карантин Қазақстан халқының эмиграциясын баяулатты. Биылғы бірінші тоқсанда қоныс аударғандардың саны 12 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Хабар24.
«Биылғы қаңтар-наурыз аралығында елден 7,3 мың адам кетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,1 пайызға аз болды. Сонымен қатар, 2020 жылдың аталған кезеңінде Қазақстанға келгендердің саны 34,4 пайызға артып, 4,3 мың адамды құрады», - делінген таратылған ақпаратта.
Өңірлер бойынша қарастырсақ, елден қоныс аударғандардың көбісі Шығыс Қазақстан облысынан тіркелді, яғни 1,2 мың адам болды.
Қостанай облысынан 917 адам, Павлодар облысынан 857 адам тұрғылықты жерін ауыстырды, сондай-ақ Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш сәйкесінше 830 және 728 адамды құрады. Олардың көбісі Ресейге барған (6,4 мың адам), ал Германияға - 456 адам, Өзбекстанға 115 адам қоныс аударған.
Бұл тұрғыда ТОП-5 елдің қатарына АҚШ (106 адам) пен Беларусь (51 адам) енді.