Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында , карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат етілетіні белгілі болды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда:
- Комиссия шешімімен мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы тиіс.
- Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақталады:
- ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;
- үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
- ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
- халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚО-лар, екінші деңгейлі банктер.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.