Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді

0
2 351

Карантиндік шаралар 10 ақпанға дейін ұзартылды.


Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына өзгерту енгізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е. Даулетбаев 2021 жылғы 6 қаңтардағы қаулысына мынадай өзгерістер енгізді:

1) 180 адамға дейінгі контингенті бар мектептерге (сыныптардағы балаларының саны 15 адамға дейін сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда) ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс істеуіне рұқсат беру; 1-4-сыныптардағы білім алушылар үшін білім беру ұйымдарында кезекші сыныптар ұйымдастырылады, бұл ретте топқа 15 баладан артық жіберілмейді; қалған сыныптар қашықтық форматта оқиды;

2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тек қашықтан оқыту;

Өңірдің санитария дәрігерінің қаулысы 2021 жылғы 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулы 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00:00-ге дейін қолданылады.