Республика аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болады, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
ERNUR.KZ. Циклонның әсерінен еліміздің барлық аумағында дерлік ауа райы құбылмалы болады, Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады, деп жазады sputnik.kz.
Республика аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болады, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
Бірақ 7 қаңтарда еліміздің батысынан суық арктикалық антициклон жылжып келе бастайды, жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, батыста, содан кейін елдің қалған аумағында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Еліміздің батысында, орталығында 20-28 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус, шығыста 5-13 градус, ал республиканың оңтүстігінде 0-10 градусқа дейін аяз болады.