Қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлер Қазақстаннан шыға алмауы мүмкін

0
1 567

Мемлекет алдындағы қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлерге Қазақстаннан шығуға тыйым салынуы мүмкін.


Қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлер Қазақстаннан шыға алмауы мүмкін

ERNUR.KZ. Себебі борышкерлердің мемлекет алдындағы берешегі 24 миллиард 300 миллион теңгеден асып кеткен, деп жазады Stan.kz.

919 мың қазақстандық салық төлемеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, азаматтар мүлік, жер және көлік құралдары үшін салық өтемепті. Көлік салығы бойынша қарыз сомасы 22 миллиард 800 миллион теңге. Тек Алматының өзінде 88 мың азамат салық міндеттемесінен жалтарып жүр. Берешек көлемі 5,2 миллиард теңге. Ал Алматы облысындағы 132 мың борышкердің қарызы 3,9 миллиард теңге.

Нұр-Сұлтан, Шымкентте 76 мың азамат міндетті төлемін жүргізбеген. Тиісінше астаналықтардың берешегі 2,6 миллиард, ал шымкенттіктердің қарызы 1,9 миллиард теңге болыпты. Комитет өкілдері, жеке тұлғалардың автокөліктері үшін салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталғанын айтты.

Ал 17 мамырдан бастап берешекті өндіріп алу туралы бұйрықтар жолданған екен. Егер борышкер бес күн ішінде қарызын өтеп үлгермесе, іс жеке сот орындаушыларына өтеді. Сөйтіп олар, қарызы бар адамдардың шоттарын бұғаттап, мүлікке тыйым салады.